Тағы да жол апаты. Тағы да кісі өлімі
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ақтөбеде екі жеңіл көлік соқтығысып, 3 адам қайтыс болды. Бұл туралы облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов мәлімдеді.
Оқиға «Қандыағаш-Ембі-Шалқар» тасжолында болған. «Лада-Приора» автокөлігінің 40 жастағы жүргізушісі Ембі қаласынан Қандыағаш қаласына бара жатып, алдыңғы көліктен озу кезінде қауіпсіздік ережесін сақтамаған. Сөйтіп, Ізімбет ауылы маңында қарсы бағытта келе жатқан «Лада-Приора» автокөлігімен соқтығысқан.
Жол-көлік оқиғасы салдарынан жүргізуші мен 32 жастағы әйел, 14 жастағы бала оқиға орнында көз жұмды. Ал 3 жасар қыз Ембі қаласының орталық ауруханасына жатқызылды. Олар бір отбасының адамдары. Сонымен қатар, басқа көліктің жүргізушісі мен 6 жолаушысы Ембі қаласының орталық аудандық ауруханасына жатқызылды. Онда 51 жастағы жолаушы есін жимастан көз жұмды. Жол-көлік оқиғасына байланысты ҚР ҚК 345-бабы 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр, - деді Ерболат Сарқұлов.
Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Қапшағай-Бақанас жолында көлік апатынан төрт адам қаза тапқаны туралы хабарлағанбыз.