26 Мамыр 2025 2025, 01:31 Фото: скрин

Тағы да түлектер: Жамбылда мектеп бітірушілер кортежі полиция назарын аудартты

Жамбыл облысы Мойынқұм ауданындағы ауылында мектеп түлектерінің соңғы қоңырауда ұйымдастырған кортежі полиция назарын аударды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Жамбыл облысы Мойынқұм ауданындағы ауылында мектеп түлектерінің соңғы қоңырауда ұйымдастырған кортежі полиция назарын аударды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Видеода түлектер көлік терезесінен шығып, қауіпсіздік ережелерін елемей жүрген сәттері көрініс тапқан.

Жол қозғалысы ережелерін бұзу фактілері тіркелгеннен кейін өңірлік полиция қызметкерлері тексеру жүргізіп, құқық бұзушыларға қатысты шаралар қабылдады.

Желідегі мәліметке сүйенсек, полиция оқиға бойынша 11 әкімшілік хаттама толтырып, 7 көлікті айып тұрағына қойды.