Тағы да суицид: Алматыда бойжеткен 12-қабаттан секіріп кетті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Куәгерлердің айтуынша, Алматыда жас қыз көп қабатты тұрғын үйдің 12-қабатынан секірген. Оқиға Ақсай 1 А ауданындағы 8-үйде болған.

Бұл ақпаратты Алматы қалалық полиция департаменті растады. Әуезов ауданының полиция департаменті қайғылы оқиға ҚР Қылмыстық кодексінің 105-бабы (Өз-өзіне қол жұмсауға апару) бойынша тіркелгенін хабарлады.  

Тиісті сараптамалар тағайындалды. Оқиғаның мән-жайы мен себептері анықталуда, – деп жауап берді қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы