Тағы да киік мүйізі. Шекарашылар қылмыскерлерді ұстады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шекарашылар ірі көлемдегі киіктің мүйізін және электроникалық тауарларды алып өтпек болғандарды құрықтады, деп хабарлады ҚР ҰҚК ШҚ баспасөз қызметі.
Орал шекара жасағының "Сырым автомобильдік" шекаралық бақылау пунктінде Орал-Самара бағыты бойынша ҚР-дан РФ-ға "Крайслер" автомашинасымен кетіп бара жатқан 1972 жылғы туған ҚР азаматы ұсталды. Шекара наряды автокөліктің жүк салғышын тексеру барысында жасыл және көк түсті екі жол сөмкесіне салынған жалпы салмағы 120 кг жаңа кесілген 348 дана киіктің мүйізі табылды. Алдын ала болжамды бағасы 439 350 000 теңгены құрайды, - делінген ақпаратта.
Аталған факті "Жоғалып кету қаупі бар және сирек, сондай-ақ қолдануға тыйым салынған өсімдіктер мен жануарларды заңсыз аулау" бойынша ҚР ҚК 339-бабымен қарастырылады.
Қорғас шекара жасағында "ШЫХО" шекаралық бақылау пунктінде ШЫХО-дан ҚР-ға жаяу 20 дана компютердің тюнерін алып өтпек болған 1993 жылғы туған және 148 дана ұялы телефон алып өтпек болған 1991 жылғы туған ҚР азаматтары ұсталды. "Алтынкөл" кедендік бекетінің бас маманына тапсырылды.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы