Тағы да COVID: Қазақстандықтар қандай вирус жұқтырып жатыр?
Бұл туралы бас мемлекеттік санитариялық дәрігер айтты.
Жыл басынан бері Қазақстанда коронавирус инфекциясын жұқтырудың бірнеше жағдайы тіркелген, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Бұл туралы Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрағасы – Бас мемлекеттік санитариялық дәрігер Сархат Бейсенова Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз мәслихатында мәлімдеді.
Айтуынша, елімізде жыл басынан бері коронавирус инфекциясының алты жағдайы тіркелген. Бұл былтырғы жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 16,3 есе төмен.
Қазақстанда SARS-CoV-2 нұсқаларының айналымына жүргізілген соңғы мониторинг нәтижесінде Омикронның үш субнұсқасы таралып жатқаны анықталды: XFG.3 – 75%, XFG.3.1 және XFG.6 – әрқайсысы 12,5%. Бұл Омикрон субнұсқалары халық денсаулығына қосымша қауіп төндірмейді, – деп атап өтті бас санитариялық дәрігер.
Айта кетерлігі, коронавирус инфекциясы COVID-19 бойынша да соңғы мониторинг деректеріне сәйкес, елімізде Омикронның үш субнұсқасы айналымда: XFG.3 – 75%, XFG.3.1 және XFG.6 – 12,5%-ды құрайды. Аталған субнұсқалардың таралуы халық денсаулығына қосымша қауіп әкелмейді.
Қазіргі таңда COVID-19 негізінен жеңіл түрде өтуде. Науқастарды ауруханаға жатқызу талап етілмейді, ем амбулаториялық жағдайда жүргізіледі, - деді Сархат Бейсенова.
Еске салайық, бұған дейін Қазақстанда балалар арасында қызылша ауруының таралуына қатысты екпе алмаған балалардың мектепке баруына тыйым салынатыны жайында жаздық.
- Министрлік: Жеткіліктілік шектерін көтеру қазақстандықтардың болашақ зейнетақысын қорғауға бағытталған 12:52
- Ормуз бұғазында жағдай қайта ушықты: Иран мен АҚШ тағы да соққы жасады 12:24
- Күндегі қуатты жарқылдардан кейін магниттік дауыл өршіді 11:52
- Эбола өршіді: Конгода ондаған адам қайтыс болды 11:18
- БЖЗҚ зейнетақы жинағын алудың жаңа жеткіліктілік шектерін жариялады 10:46
- Қасым-Жомарт Тоқаев Швеция халқына ізгі тілегін жеткізді 10:03
- Киберқауіптерден есірткі трафигіне дейін: ШЫҰ елдерінің ІІМ қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастықты күшейтуде 09:49