Тағы да апат. Рудныйда 29 көпқабатты үй мен 59 жеке үй жылусыз қалды

26 қаңтар күні сағат 14.00 кезінде Рудный қаласы Горняков көшесіндегі диаметрі 530 мм жылу трассасы жарылған, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Оны жөндеу кезінде 24 көпқабатты үй, 59 жеке үй және 16 заңды тұлға ғимараттары жылудан ажыратылды.

Құбыр жарылған жер анықталды. Жылу желісін қалпына келтіру үшін бүкіл қажетті жұмыс жүргізіліп жатыр.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Өзгелердің жаңалығы