Тағы бірнеше әуекомпания Беларусь кеңістігінен бас тартты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Минскідегі оқиғадан кейін тағы бірнеше әуе тасымалдаушы Беларусь кеңістігін пайдаланудан бас тартты. 

Олардың қатарында француздың «Эйр Франс», Аустрияның «Аустриан Эйрлайнс», Финляндияның «Финэйр», Сингапурдың «Сингапур Эйрлайнс» компаниялары бар.

Бұған дейін Германия, Нидерланд, Польша, Латвия мен Швеция тасымалдаушылары да Беларусь әуесімен ұшуды тоқтатқан еді.

Одан бөлек, Украина ертеңнен бастап Беларусьпен арадағы әуе қатынасын үзеді. Бұл шешімге қатысты ресми Минск наразылық нотасын білдірді. Ал Беларусьтің «Белавиа» компаниясы 30 қазанға дейін Лондон мен Парижге барлық сапарын тоқтатты.

"Коммерсантъ" басылымының хабарлауынша, салдарынан Минск жылына 60-70 млн доллардан қағылуы мүмкін. Бұған дейін Еурокомиссия еуропалық компанияларға Беларусь аспанымен ұшпауға кеңес берген болатын.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы