Тағы бір университет екі жоғары оқу орнына бөлінеді
Ғылым және жоғары білім министрлігі тағы бір жоғары оқу орнын қайта құруды көздейтін бұйрық дайындады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамы жарғылық капиталдарына мемлекет жүз пайыз қатысатын «М.Х. Дулати атындағы Тараз университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамына және «Қазақ ұлттық су шаруашылығы және ирригация университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамына бөлу жолымен қайта ұйымдастырылсын, - делінген хабарламада.
«ТарУ» КеАҚ және «ҚазҰСШИУ» КеАҚ қызметінің негізгі нысанасы жоғары, жоғары оқу орнынан кейінгі және қосымша білім саласындағы білім беру қызметтерін көрсету, іргелі және қолданбалы зерттеулер жүргізу болып айқындалсын.
Құжат 24 маусымға дейін ашық талқылау үшін Ашық НҚА сайтында орналастырылған.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Ақтау қалалық сотының төрағасы ұсталды
Келесі жаңалық
Павлодарда он күн бұрын жоғалған әйел табылды
Өзгелердің жаңалығы