Тағы бір теннисшіміз Олимпиадаға қатыспайтын болды

Юлия Путинцева тізе жарақатына байланысты жарыста өнер көрсете алмайды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Оның орнына Жаңа Зеландия спортшысы Лулу Сан ойнайды.

Париждегі Олимпиаданың басталуы біз үшін нағыз сынақ болды. Күні кеше Елена Рыбакина сырқатына байланысты жарыстан шығып қалса, бүгін біздің командадан жарақатына байланысты Юлия Путинцева ойындарға қатыса алмайтын болды. Екі спортшының да өнеріне үлкен үміт арттық. Елена да, Юлия да Олимпиадада өнер көрсете алмағандарына қынжылады. Біз жанкүйерлерге өтініш білдіріп, осындай қиын кезеңде барлық ойыншыларымызға қолдау көрсетулерін сұраймыз. Қиындықтарға қарамастан жаңа жеңістерге ұмтылатын боламыз, - деді теннис федерациясының вице-президенті Диас Досқараев.

Айта кетейік, бұған дейін теннистен Қазақстан әйелдер құрамасының көшбасшысы Елена Рыбакина XXXIII жазғы Олимпиадаға денсаулығының нашарлауына байланысты қатыса алмайтынын айтқан еді.


 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Өзгелердің жаңалығы