Тағы бір қазақстандық ЖОО лицензиясынан айырылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Атырау инженерлік-гуманитарлық институты бас лицензиясынан айырылды. Мұндай шешімді Атырау облысының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соты шығарды. 

БҒМ Білім және ғылым саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитеті университет жұмысындағы көптеген заң бұзушылықты анықтады.

Университетте білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік ережелері, мемлекеттік жалпыға міндетті стандарт талаптары, сондай-ақ біліктілік талаптары сақталмаған.

Университетті тексеру барысында көптеген заң бұзушылық анықталды. Мысалы, оқытушылардың бір уақытта әр түрлі тілде оқытатын екі түрлі топта сабақ өткізу фактілері. Бірақ мұғалімдердің оқу жүктемесінде әр топ бойынша аудиториялық сабақтар бөлек есептелген. Одан бөлек, университетте кейбір сабақтар мүлдем өткізілмеген. Білім беру бағдарламаларын әзірлеу және бекіту кезінде заң бұзушылықтарға жол берілген. Сонымен бірге Атырау инженерлік-гуманитарлық институтының студенттерді оқытқан білім беру бағдарламалары БҒМ тізіліміне енгізілген бағдарламаларға сәйкес келмеді. Нәтижесінде студенттер оқу пәндерін толық меңгермеген. Сондай-ақ оқу процесі сапалы профессорлық-оқытушылық кадрмен қамтамасыз етілмеген,– деп айтты БҒМ Білім және ғылым саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитетінің басқарма басшысы Эльвира Сапарбекова.

Тексеру Атырау инженерлік-гуманитарлық институтында сапаны қамтамасыз етудің ішкі жүйесі мен қажетті материалдық-техникалық базаның жоқтығын көрсетті. Бірқатар білім беру бағдарламасы бойынша оқу, әдістемелік және ғылыми әдебиеттер жоқ, яғни студенттердің сапалы білім алуына жағдай жасалмаған. Мұны тест тапсырған студенттердің білім нәтижелері растады. Яғни институт студенттерінің 90 пайызы шекті балды жинай алмады.

Айта кетейік, Үлгілік қағидалардың нормаларына сәйкес студенттер университет лицензиясынан айырылған сәттен бастап оқуын жалғастыру үшін басқа ЖОО-ға ауысуға құқылы.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы