Тағы бір қазақ файтер UFC-мен келісім жасасты

Файтер Асу Алмабаев (17-2) UFC-мен келісімшартқа отырды. Бұл жайында Dar Team командасының PR-менеджері Зарина Буенбаева мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Алмабаев 19 жекпе-жек өткізіп оның 17-сінде жеңіп, екеуінде ғана жеңілген. Сондай-ақ, оның Brave FC промоушенінде төрт жекпе-жек өткізіп, төрт жекпе-жекте де жеңіске жеткен.

Naiza League президенті Нұрбек Қарабала Асу Алмабаевтың UFC-ге ауысқанына қатысты пікір айтты.

Барша қазақстандықтарды UFC-ге кезекті батырымыздың келісімшартқа отыруымен құттықтағым келеді. Көп жұмыс атқарылды, DAR TEAM командасының негізін қалаушы Алидар Болатұлына үлкен рахмет айтқым келеді, аралас жекпе-жек спортының дамуына қосқан үлесі орасан зор, - деді Қарабала.

Еске салайық, қазақстандық Жалғас Жұмағұлов (14-8) UFC-де жеңіл салмақта өнер көрсетеді. Ол келесі жекпе-жегін америкалық Нейтан Мэнесске (14-3) қарсы өткізеді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: ©instagram.com/asu_zulfikar57
Өзгелердің жаңалығы