Тағы бір қала жылусыз қалды

Қарағандыдағы жылу желілерінде ірі апат болды. Бұл туралы «Теплотранзит Қарағанды» ЖШС диспетчерлік қызметі мәлім етті, деп хабарлады BAQ.KZ.

Апат таңғы сағат 5.30-да Қарағанды қаласында Гоголь көшесі мен Спасск тасжолының қиылысында болған. Алдын ала болжам бойынша ЖЭО-1 ауданында жүк машинасы диаметрі 1 метр болатын желіні жұлып кеткен. Бұл жылу энергетика орталығы Қарағандының орталық бөлігін жылытады.

Бұл ақауды жою үшін қалада бірнеше көшенің үйлері төмендетілген жылу беру режиміне ауыстырылады.

ПИК және ЖС жеке секторының тұтынушылары, сондай-ақ жылумен жабдықтаудың нашарлау аймағына түсетін тұрғын үйлердің жылу шаруашылығына жауапты адамдар жеткізуші жылу желілерінің, үйішілік жылу желілерінің жай-күйін қадағалап, диспетчерлік жөндеу қызметінің өкілімен тұрақты байланыста болуы қажет. Телефон: 56-51-05, олардың ұсыным-нұсқауларын қатаң орындау керек, – деп хабарлады Қарағанды қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Айта кетейік, 27 қарашада Екібастұз тұрғындары ЖЭО-да бірнеше қазандық агрегаттарының тоқтауына байланысты жылусыз қалған еді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Өзгелердің жаңалығы