Тағы бір өңірдің балаларына 78 мың теңгеден беріледі

Конституция күніне орай Павлодарда мүмкіндігі шектеулі балаларға біржолғы төлем беріледі, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Жергілікті БАҚ-тың мәліметінше, Қазақстан Конституциясы күніне орай Павлодар қаласында 18 жасқа дейінгі мүмкіндігі шектеулі балаларға 20 айлық есептік көрсеткіш көлемінде (78 640 теңге) төлем жасалады.

Қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің мәліметінше, төлемдер автоматты түрде жүргізіледі. Дегенмен, егер мүгедектік 2024-2025 жылдары белгіленген болса, тұрғылықты жері Павлодар қаласына ауысқан жағдайда немесе банк деректемелері өзгерген кезде ата-аналар немесе заңды өкілдер банк берген 20 таңбалы есепшот туралы анықтаманы Генерал Дюсенов көшесі, 80-үйге апарып тапсыруы қажет.

Қосымша ақпаратты мына телефондар арқылы алуға болады:
+7 (7182) 65-04-12, 32-07-36.

Еске сала кетейік, бұған 30 тамыз Конституция күніне орай Шымкент қаласында әлеуметтік қолдауды қажет ететін азаматтарға бір реттік төлем берілетінін жаздық.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы