Бүгiн 2026, 12:37 Фото: ©BAQ.KZ архиві/Артем Чурсинов

"21 мың теңге": 8 наурыз қарсаңында кімдерге ақша берілетіні анықталды

Абай облысында әйелдерге 8 наурызға орай бірреттік төлем беріледі.

Абай облысында әйелдерге 8 наурызға орай бірреттік төлем беріледі, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Абай облысының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы редакциямыздың ресми сауалына жауап берді.

Статистикалық мәліметтерге сәйкес 2026 жылдың 1 қаңтары бойынша Абай облысындағы әйелдер саны 303 060 немесе жалпы халық санының 50,9%-ын құрайды (595 676 мың адам).

Көпбалалы отбасылардың саны – 19 140.

Оның ішінде:

- «Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен марапатталған, бұрын «Батыр ана» атағын алған немесе I және II дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен наградталған аналар саны – 6 755, 

- Бірге тұратын 4және одан да көп кәмелетке толмаған балалары бар (білім беру ұйымдарында күндізгі бөлімде 23 жасқа дейін оқитын балаларды қоса алғанда) көпбалалы отбасылар саны – 12 385.

Биыл көпбалалы аналарға, «Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен марапатталған, бұрын «Ана даңқы» атағын алған немесе I және II дәрежелі «Батыр ана» ордендерімен наградталған, сондай-ақ бірге тұратын төрт және одан да көп кәмелетке толмаған балалары бар көпбалалы отбасыларға Халықаралық әйелдер күні – 8 наурыз мерекесіне орай 5 АЕК мөлшерінде (21 625 теңге) әлеуметтік көмек бір негіз бойынша көрсетілу жоспарланып отыр, - делінген өңірдің жауабында.

Сондай-ақ, табысы аз қамтылған отбасыларға атаулы әлеуметтік көмек көрсетіледі. 2025 жылы атаулы әлеуметтік көмек 14 111 адамға (2 781 отбасына) тағайындалды. Жәрдемақы алушылардың ішінде әйелдер саны 7 528 адам немесе алушылардың 53,3%-ы.

Айта кетейік, бұған дейін Ақмола облысында әйелдер 8 наурызға орай төлемақы алатыны белгілі болған еді.