Тағы бір өңірдің ардагерлері 5 млн теңгеден алатын болды
Ақмола облысының ардагерлері Жеңістің 80 жылдығына орай 5 млн теңгеден төлем алатын болды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Ақмола облысының жұмыспен қамтуды және әлеуметтік бағдарламалар үйлестіру басқармасы 9 мамыр Екінші дүниежүзілік соғысы ардагерлеріне, жеңілдіктері бойынша ардагерлерге теңестірілгендерге Жеңістің 80 жылдығы қарсаңында қанлай әлеуметтік көмек көрсетінін мәлімдеді.
Биыл Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығы. Бүгінде облыста 5 ардагер тұрады. Олар Көкшетау, Қосшы қаласында, Бұланды, Бурабай, Жақсы аудандарында. Ережеге сәйкес төлем мөлшері 1,5 млн теңге. Дегенмен облыс әкімінің тапсырмасы бойынша Жеңістің 80 жылдығына орай бұл сома 5 млн теңгеге дейін ұлғайтылды, - деп жауап берді басқарма басшысының орынбасары Ерлан Мұхамедин ресми сауалымызға.
Екінші дүниежүзілік соғысының ардагерлеріне теңестірілген ардагерлер 25-тен 30 АЕК-ке дейін, яғни 98 300-117 960 теңге көлемінде төлем алады.
Олар:
▪️ Ленинградтағы блокада кезеңінде жұмыс істеген азаматтар;
▪️ кәмелетке толмаған концлагерь тұтқындары;
▪️ жараланғандықтан мүгедектік алған әскери қызметшілер;
▪️ азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектілердегі радиациялық апаттар мен авариялар, ядролық сынақтар салдарынан мүгедектігі белгіленген адамдар және олардың мүгедектігі ата-анасының біреуінің радиациялық сәулеленуімен генетикалық байланысты балалары;
▪️ ЧАЭС қатысушылары мен мүгедектері.
Еске сала кетсек, 2025 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша Қазақстанда 85 203 ардагер тұрады. Олардың ішінде 1941-1945 жылдардағы соғысқа қатысқан ардагерлердің саны 120 адам.