Тағы бір мамандарға тұрғын үй төлемдері мен үстемеақы берілетін болды

Мәжілісте Төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әрінов осы мәселені шешетін заң жобасын бірінші оқылымда таныстырды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Бүгінде азаматтық қорғау қызметкерлеріне тұрғын үй өтемақысы және қызметі бойынша басқа өңірге көшкені үшін қосымша ақы төленбейді. Бұл төлемдерді белгілеу қызметкерлерге, әсіресе жылжымайтын мүлік құны қымбат өңірлерде тұрғын үй шығындарын өтеуге көмектеседі, - деді министр.

Сонымен қатар оның сөзінше, өмір сүру жағдайлары қауіпті шалғай және жетуі қиын жерлерде, атап айтқанда төтенше жағдай, әскери немесе төтенше жағдай жарияланған жерде жұмыс істегені үшін өтемақы төленбейді, санаторлық-сауықтыру емімен қамтамасыз етілмейді. Сондай-ақ казармалық жағдайда болғаны үшін тамақтандыру қарастырылмаған.

Осы өтемақылар қызметкерлерге олардың кәсіби қызметтеріне байланысты төнетін қауіп-қатерлер мен қиындықтарды өтейді.

Жалпы алғанда, тұрғын үй төлемдерімен үстемеақыларды белгілеу, білікті мамандарды тартуға және олардың тұрақты жұмыс істеуіне, сондай-ақ олардың қаржылық жағдайын жақсартуға көмектеседі, - деп айтты Шыңғыс Әрінов Мәжілісте.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы