Тағы бір депутаттың өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Мәжілістің жалпы отырысында депутат Файзолла Қаменовтің өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылды.
Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Шавхат Өтемісов Файзолла Қаменов қызметінен кетуге өз еркімен өтініш бергенін айтты.
Парламенті Мәжілісі депутаты Файзолла Қаменұлы Қаменов міндеттерін атқарудан өз еркімен босату туралы өтініш берді. Осыған орай Орталық сайлау комиссиясы Конституцияның 52-бабына «ҚР Парламенті және оның депутаттары мәртебесі туралы» 1995 жылғы 16 қазандағы Конституциялық заңның 24-бабы 3) және 8) тармақтарына сәйкес Парламент Мәжілісі депутаты Файзолла Қаменұлы Қаменовтің өтініш беруіне байланысты оның өкілеттілігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы мәселені шешу үшін ұсыным енгізіп отыр, - деді Шавхат Өтемісов.
Депутаттар ұсынылған мәселе қатысты тиісті қаулыны қабылдады.
Бұған дейін Мәжілістің жалпы отырысында Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Дариға Назарбаеваның өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылды.