Тағы бір әскери қызметші қаза болды

Приозерск гарнизонындағы әскери бөлімдердің бірінде әскери қызметші өзіне қол жұмсаған, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Осы жылдың 14 қазанында Приозерск гарнизонындағы әскери бөлімдердің бірінде мерзімді қызметтегі әскери қызметші қарауыл қызметін атқарған уақытта бекітілген қарумен өзінің бас аумағына оқ атқан. Аталған оқиға әскери қызмет өткерумен байланысты емес. Алдын ала ақпаратқа қарағанда сарбаз отбасылық-тұрмыстық жанжалға байланысты өз-өзіне қол салған, - делінген ресми ақпаратта.

Ведомство мәліметінше, осы оқиғаға байланысты қылмыстық іс қозғалды.

Тергеу шаралары жүргізіліп жатыр. Айта кетерлігі, сарбаздың белгіленген әскери қызметінің аяқталуына екі апта қалған. Құрлық әскерлерінің қолбасшылығы әскери қызметшінің туған-туыстарына қайғыларына ортақтасып көңіл айтады. Оның жақындарына қажетті көмек көрсетіледі, - делінген хабарламада.

Еске салсақ, Шахтинск қаласында Ұлттық ұланға қарасты "Орталық" өңірлік қолбасшылығы 6505 әскери бөлімінің келісімшарт бойынша әскери қызметшісінің денесі табылған болатын.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Арман Мухатов -архив
Өзгелердің жаңалығы