Тағы 31 қазақстандық Киевтен жолға шықты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Украинадағы Қазақстан Елшілігі 6-7 наурызда 31 адамның Киевтен қауіпсіз шығып кетуіне көмектесті, деп хабарлады ҚазАқпарат.
Азаматтардың қалауы бойынша бір бөлігі Львовта қалады. Елге қайтқысы келетіндер Польшаның Катовице қаласына дейін жолға шығады.
Айта кетейік, жалпы ҚР азаматтарын Украинадан эвакуациялау басталғаннан бері Қазақстанның шет елдердегі мекемелері 553 азаматтың шығуына көмек көрсетті.
Осы күнге дейін Қазақстан азаматтары мінген үш репатриациялық рейс Катовице қаласынан елге ұшып келді.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Келесі жаңалық
Тегін және жасырын. Тұрғындар АИТВ мәртебесін біле алады
Өзгелердің жаңалығы