Тағдырыңды бір соққы шешуі мүмкін - Головкин

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин (38-1-1, 34 КО) жеңілмеген канадалық Стив Роллсқа (19-0, 10 КО) қарсы жекпе-жегі алдында екеуінің де карьерасын бір соққы өзгертіп жіберуі мүмкін екенін айтты, - деп жазады Vesti.kz. 

«Бұл бокс. Бокста бір болжам айту немесе қарсыласты менсінбеу ақымақтық. Мен жылдам, ол күштірек, біреу қысқа немесе ұзын, Мұның бәрі ұсақ-түйек. Ол қазіргі орнынан асып түсуге лайқы екенін дәлелдегісі келеді. Бұл өмір. Бір соққы өміріңді өзгертуі мүмкін», - дейді Головкин. 

Головкин - Роллс жекпе-жегі 8 маусым Нью-Йорктегі Madison Square Garden аренасында өтеді. Бұл Головкиннің DAZN стриминг қызметімен келісімшарт бойынша алты жекпе-жегінің біріншісі және жаңа бапкер Джонатан Бэнкстің жаттықтыруымен алғаш жұдырықтасуы.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Өзгелердің жаңалығы