Таеквондошылар Пәкістандағы турнирде 13 медаль жеңіп алды

Пәкістан астанасы Исламабадта өтіп жатқан таеквондодан G2 санатындағы Asian Open Championship халықаралық турнирі аяқталды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Спортты дамыту дирекциясының ақпаратынша, Қазақстан құрамасы спортшыларының нəтижесі мынадай:

Алтын медаль:

Нұрай Құсайынова 67 кг

Наргиз Қойшыбекова 46 кг

Мария Севостьянова 57 кг

Жавохирхан Исламов 58 кг

Жансель Дениз +73 кг

Күміс медаль:

Айдана Еділбаева 46 кг

Қола медаль:

Бексұлтан Мұсахан 68 кг

Эльдар Бірімбай 68 кг

Нұрбол Ерсайынов 87 кг

Арайлым Асқарова 57 кг

Диана Абсенова 73 кг

Жадыра Хайруллина 67 кг

Самирхон Абабакиров 58 кг

Жалпы есепте Қазақстан əйелдер құрамасы бірінші, ерлер 3-орын алды. Бəсекеге 21 мемлекеттен 350 таеквондошы қатысты.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Спортты дамыту дирекциясы
Өзгелердің жаңалығы