Таеквондошы Бейбарыс Қабылан жастар арасында Әлем чемпионы атанды

Қазақстандық Бейбарыс Қабылан таеквондодан Найробиде (Кения) өтіп жатқан жастар арасындағы әлем чемпионатының алтын жүлдегері атанды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Жерлесіміз 87 келіден жоғары салмақта ел намысын қорғады.

Бейбарыс финалда Оңтүстік Корея спортшысы Ян Чжунёнды сенімді түрде жеңді.

Осылайша, Қазақстан жастар құрамасы әлем чемпионатында алғашқы медалін жеңіп алды.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы