Таеквондодан жастар арасындағы ел чемпионаты өтті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Таеквондодан 2005-2007 жылдары туған жастар арасында Қазақстан чемпионатының алғашқы жарыс күні аяқталды, деп хабарлады Olympic.kz.
Ақтөбедегі Жекпе-жек сарайында өтіп жатқан турнирде жеңімпаздар сегіз салмақ дәрежесінде анықталды.
Алғашқы күннің қорытындысы бойынша командалық есепте 103 ұпайы бар Алматы қаласы көш бастады (4 алтын, 5 қола).
Алматы облысы екінші орынға жайғасты. Команда еншісіне 46 ұпай бұйырған (3 күміс, 3 қола).
Үздік үштікті 45 ұпаймен Қызылорда облысы түйіндейді (1 алтын, 2 күміс).
Аламанға еліміздің түкпір-түкпірінен 478 спортшы қатысып жатыр.
Естеріңізге сала кетейік, жүлделі орыннан көрінген спортшылар ҚР ұлттық құрамасының қатарына шақырылып, олар Болгария астанасында өтетін әлем чемпионаты мен Моңғолия астанасында өтетін Азия чемпионатында бақ сынай алады.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Сенаторлар сүт өңдеушілердің мәселелерін шешуді бақылауға алды
Келесі жаңалық
Қазақстан күрес федерациясына жаңа президент сайланды
Өзгелердің жаңалығы