Таеквондодан ұлттық құрама Олимпиаданың іріктеу турниріне қатысады

Таеквондодан ұлттық құрама мүшелері Қытайдың Тайань қаласындағы жырысқа қатысады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Азия аймақтық іріктеу турнирі Қытайдың Тайань қаласында өтеді. Олимпиада жолдамасын беретін бәсекеде төрт қазақстандық спортшы бақ сынайды. Олар 57 кг Мария Севостьянова, 67 кг Жансель Дениз, 58 кг Самирхон Абабакиров 80 кг Батырхан Төлеуғали.

Айта кетейік, таеквондодан Олимпиада бағдарламасына сегіз салмақ дәрежесі енген. Алайда, әр команда тек төрт салмақта ғана спортшылар қоса алады. Лицензиялық турнир 15-16 наурыз аралығында өтеді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы