Таеквондодан Қазақстан ұлттық құрамасының жаңа бапкері тағайындалды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Таеквондодан Қазақстан ұлттық құрамасына жаңа бапкер тағайындалды, деп хабарлады Olympic.kz.

Ұлттық құраманың бас бапкері қызметіне Батырбек Есдәулетов келді. Сондай-ақ, Серік Палмағамбетов мемлекеттік жаттықтырушы қызметіне кірісті. 

Айта кетерлігі, Батырбек Есдәулетов осыған дейін таеквондодан Қазақстан құрамасының аға жаттықтырушысы қызметін атқарған. Халықаралық дәрежедегі спорт шебері, 1997-2007 жылдар аралығында ҚР чемпионы және ҚР Кубогы иегері, Жазғы спартакиада жеңімпазы, Азия чемпионатының және бірқатар халықаралық турнир жүлдегері.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы