Таеквондодан Қазақстан құрамасы Италияда жаттығу жиынын өткізді

Таеквондодан Қазақстан командасы Италияның Ливиньо қаласында оқу-жаттығу жиынын өткізіп жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ Olympic.kz-ке сілтеме жасап.

Аталған жиында спортшылардың физикалық дайындығын арттыруға ерекше көңіл бөлінуде.

Жаттығу жиынына Париж Олимпиадасына жолдама алған спортшылар Батырхан Төлеуғали мен Сомирхон Абабакиров те қатысып жатыр.

Айта кетелік, бұл жиын Олимпиада қарсаңындағы шешуші дайындық кезеңдерінің бірі саналады.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: olympic.kz
Алдыңғы жаңалық
ШЫҰ саммиті аяқталды
Өзгелердің жаңалығы