Таеквондодан кадеттер арасындағы Әлем чемпионатында екінші медаль қоржынға түсті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ташкентте өтіп жатқан таеквондодан кадеттер арасындағы әлем чемпионатында қазақстандық спортшылар екінші медалін жеңіп алды. Бұл туралы Olympic.kz хабарлайды.  

44 келі салмақта сынға түскен Айша Әділбекқызы финалға дейін барлық қарсыласын ұтып, ақтық бәсекеде ирандық спортшыға жол берді.  Осылайша, Айша әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанып отыр. 45 келіде бақ сынаған Сұлтан Байтұрсынов үздік бестік қатарына енді. 

Еске сала кетейік, бірінші жарыс күнінді Айдана Сүндетбай қола жүлде жеңіп алған болатын. 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы