Таеквондодан Азия чемпионатында Қазақстан командасы 3 медаль жеңіп алды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ливанның Бейрут қаласында таеквондодан Азия чемпионаты жалғасуда. 

Кеше алты салмақ дәрежесі бойынша жеңімпаздар мен жүлдегер анықталып, Қазақстан командасы үш медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Olympic.kz. 

Жансель Дениз (73 келі) мен Смайыл Дүйсебай (87 келі) Азия біріншілігінің күміс жүлдегері атанды. Екі спортшы да Оңтүстік Корея өкілдеріне есе жіберген. 

Сонымен қатар Самат Темірхан (54 келі) құрлық додасының қоласына қол жеткізді. 

Ал Диас Құрманғазы, Зиода Ирисматова және Камила Аймұқашевалар жүлделі орынға іліккен жоқ. 


Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы