Таеквондодан әлем чемпионаты: Қазақстан қоржынына тағы екі қола медаль түсті

Кадеттер арасындағы әлем чемпионатының соңғы жарыс күнінде қазақстандық таеквондошылар екі қола медаль еншіледі, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл туралы  федерацияның баспасөз қызметі мәлімдейді.

 49 кг салмақта Достан Нәжімханов жартылай финалда ирандық Мохаммед мехди С. есімді спортшыға жол берді. Нәтижесінде ирандық әлем чемпионы атанды. 

Сонымен қатар 61 кг өкілі Артур Пак үздік үштіктің қатарына енді. Артур финал жолдамасы сарапқа салынған жекпе-жекте ирандық Р.Зейналиден айласын асыра алмады. Осылайша қазақстандық таеквондошылар Софиядағы біріншілікте бір күміс және үш қола медаль еншіледі. 

Бұған дейін Ярина Пуганцова мен Нұрперзент Саматұлы жүлдегерлер қатарынан табылған.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы