Кеше 2026, 21:19 Фото: Қазақстан таеквондо федерациясы

Таеквондодан әлем чемпионаты: Ел қоржынына 2 қола медаль түсті

Айта кетейік, жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионаты 17 сәуірге дейін жалғасады.

Қазақстан құрамасы таеквондодан Ташкентте (Өзбекстан) өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында алғашқы жүлделерін еншіледі, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Алғашқы қола медальді 48 келіге дейінгі салмақта Ерасыл Ерзат жеңіп алды. Ол жартылай финалға дейін жетіп, бұл кезеңде қарсыласына есе жіберіп, жарысты үшінші орынмен аяқтады.

Кейін Қазақстан қоржынына тағы бір қола жүлдені Ислам Медетбай салды. Ол 55 келіге дейінгі салмақта жартылай финалға дейін жетіп, жүлдегерлер қатарына енді.

Осылайша, қазақстандық спортшылар әлем чемпионатында екі қола медаль иеленді.

Айта кетейік, жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионаты 17 сәуірге дейін жалғасады.