Таеквондо федерациясының басшылығы қызметтен кетті

Қазақстан таеквондо федерациясының президенті Вячеслав Ким қызметінен кететінін мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл туралы Ұлттық олимпиада комитеті мәлім етті.

Париж Олимпиадасында қазақстандық таеквондошылар жүлдеге қол жеткізе алған жоқ.

Федерация басшысымен бірге вице-президенттер Қанат Сағынаев, Шадияр Кондыбаев, Арман Шылманов және бас хатшы Олжас Бесбаев та қызметтерінен кетеді.

Айта кетейік, бұған дейін Қазақстан бокс федерациясы бапкерлер құрамын таратқан болатын.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: olympic.kz
Өзгелердің жаңалығы