Таэквандодан ұлттық құрама жасақталды

Түркістан қаласындағы таэквондодан ересектер арасындағы Қазақстан Кубогы ұйымдастырылып, алдағы Азия ойындарында ел намысын қорғайтын спортшылар анықталды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Айта кету керек, ішкі біріншілік жаңа форматта өтті. Нәтижесінде әйелдер арасында Ботакөз Қапанова, Азиза Қаражанова, Мария Севостьянова және Нұрай Құсайыновалар өз салмқатарында қарсылас шақ келтірмеді. 

Ал 67 келіден жоғарғылар арасында Жансель Дениз жеңімпаз болды. Ерлер арасында Елдос Ысқақ, Нұрбек Ғазез, Эльдар Бірімбай, Нұрлан Мырзабаев және Смайыл Дүйсебайлар ұлттық құрамаға алынды. Жалпыкомандалық есепте Алматы қаласының құрамасы топ жарды. 

Үздік үштікті Атырау және Жамбыл облысының спортшылары түйіндеді. 

Бұған қоса Азия ойындарына қатысушы әр мемлекеттен бір төреші шақырылады. Биыл Қазақстан атынан халықаралық дәрежедегі төреші Дәурен Алғабаев баратын болды. Құрлықтық доданың өзі алдағы күзде, яғни қыркүйектің соңы мен қазанның басында Қытайдың Ханчжоу қаласында өтеді, - деп хабарлайды Қазақстан таекфондо федерациясының бас хатшысы Олжас Беспаев.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Хабар24
Өзгелердің жаңалығы