Табысы төмен азаматтардың арендалық төлемін субсидиялау механизмі енгізіледі
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен есеп беру кездесуінде Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов айтты.
Оның айтуынша, бұл тәртіп әкімдікте баспана кезегінде тұрған азаматтарға қатысты. Мәліметке сүйенсек, бүгінгі күні әкімдіктерде 562 мың азамат кезекте тұр. Оның 185 мыңының табысы күнкөріс деңгейінен төмен.
Отбасындағы адам басына шаққандағы бекітілген күнкөріс минимумының көрсеткіші төмен азаматтарға арнап жеке тұрғын үй қорындағы арендалық төлемді субсидиялау механизмі енгізілетін болады. Сонымен қатар олар үшін жеке инвестицияларды тарту арқылы арендалық баспана салу көзделген, - деді Атамқұлов.
Күнкөріс деңгейі төмен санат қатарына көпбалалы, мүмкіндігі шектеулі бала тәрбиелеп отырған отбасылар, жетім балалар мен өзге де әлеуметтік осал топтар жатады.
Арендалық төлем мемлекеттік қаражат есебінен Алматы және Нұр-Сұлтан қалаларында 31 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, өзге қалалар үшін 21, ауылдық елді мекендер үшін 15 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде субсидияланатын болады, - деді ол.
Оның айтуынша, өзге 377 мың кезекте тұрған азаматтар үшін Отбасы банк арқылы жеңілдетілген несие беріледі.
Еске сала кетейік, осыған дейін биыл «Нұрлы жер», «Шаңырақ», «Бақытты отбасы» бойынша қанша несие берілетіні айтылған еді.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Мемлекет басшысына Қашағанды игеру қарқыны мен Теңіз кен орнын кеңейту жұмыстары баяндалды
Келесі жаңалық
“Жан Шуақ” сыйлығының лауреаттары марапатталды
Өзгелердің жаңалығы