Табиғи өрттерге қарсы дайындық шаралары талапқа сай емес - Үкімет басшысы
Қазгидрометтің болжамы бойынша биылғы жаз мезгілі жылдағыдан ыстық әрі құрғақ болады. Үкімет отырысында Премьер-министр Әлихан Смайылов осылай деп мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Өрт еліміздің батысы мен шығысында және оңтүстігінде өрт қаупі күшеюі мүмкін. Сондықтан төтенше жағдайлардың алдын алуға баса көңіл бөлу керек. Қазірдің өзінде кейбір өңірлерде күрделі жағдай қалыптасып отыр. Өткен аптада Қазақстанның солтүстігінде және Ресейдің шекаралас аймақтарында болған өрттің түтіні елордаға дейін жетті, – деді Смайылов.
Ол табиғи өрттерге қарсы дайындық шаралары талапқа сай болмай тұрғанын атап өтті.
Біз мұның қайғылы жағдайларға әкеліп соғатынын көріп отырмыз.Мәселен, өткен аптада ғана Іле-Алатау ұлттық паркінде болған өртті сөндіру кезінде сержант Арслан Құрманбеков қаза тапты.Үкіметтің және жеке өз атымнан марқұмның туыстары мен жақындарына көңіл айтамын.Төтенше жағдайлар министрлігі мен Алматы қаласының әкімдігі қайтыс болған сержанттың отбасына көмек көрсетуі қажет, – деді ол.