Табиғи апаттардан қаржылық қорғанудың механизмі талқылануда
Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Алматыда Орта Азиядағы табиғи апаттар мен қаржылық қорғаныс механизмдеріне арналған аймақтық форум өтуде.
Орта Азияда табиғи қауіп өте көп және қалаға шоғырлану, халық санының өсуі мен климаттың өзгеруі нәтижесінде апаттың әсері арта түседі деген болжам бар.
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитеті төрағасының орынбасары Талғат Нұрмағанбетов елімізде табиғи апаттар жылдан жылға артып келе жатқанын айтады.
“2017 жылдың бірінші жарты жылдығында 614 төтенше жағдай болып, 85 адамнан айырылдық және 800-дей адам зардап шекті. Бұл мәселе әрдайым ел Үкіметінің назарында. Табиғи апаттардың салдары көп шығын әкеледі, сондықтан оның алдын алу мен ескерту жұмыстарына мән беру керек. Бұл шығындарды азайтуға әкеледі”,-дейді ол.
Қазақстанда жыл сайын жер сілкінісінен 200 мыңға жуық адам зардап шегеді екен және бұл елдің жалпы ішкі өніміне (ЖІӨ) шамамен 1 миллиард АҚШ доллары көлемінде шығын әкелетін көрнеді.
Форумда Орта Азиялық бес республиканың өкілдері табиғи апаттан қаржылық қорғанудың әртүрлі механизмін, сондай-ақ дүлей апат кезінде әрекет ету жолдарын талқылауда.