Бүгiн 2026, 08:11
Фото: depositphotos.com
Табиғат аясындағы демалыс қайғымен аяқталды: Маңғыстауда ер адам көз жұмды
Маңғыстауда ер адам әріптестерінің көзінше кәуапқа тұншығып қалды.
Қайғылы оқиға Маңғыстау облысында табиғат аясында демалыс кезінде болған, деп хабарлайды BAQ.KZ Mangystautv.kz-ке сілтеме жасап.
Ақтау қаласындағы мектептердің бірінің қызметкерлері Жармыш ауылының маңында орналасқан Аралбай сарқырамасына маевкаға шыққан. Демалыс барысында 56 жастағы ер адам кәуапқа тұншығып қалған. Оған көмек көрсету мүмкін болмаған, ол әріптестерінің көзінше оқиға орнында көз жұмған.
Маңғыстау облыстық полиция департаменті бұл факті бойынша тексеріс жүргізіліп жатқанын, оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатқанын хабарлады.
Құқық қорғау органдары азаматтарды табиғат аясында демалыс кезінде сақ болуға және қауіпсіздік шараларын қатаң сақтауға шақырады.