«Табанына тас байлап алған». Депутат елдегі интернеттен зәрезап болған

Депутат Нартай Аралбайұлы Мәжілістің жалпы отырысында елдегі интернетті сынға алды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Айтуынша, ол интернеттің инесіне отырмаса да, ғаламторға тірелген тіршіліктерін уақытында тындыра алмай зәрезап болған миллиондаған қазақстандықтың мұңын жеткізгісі келген.

Қазақстанда интернет бар» деген аты болмаса бүкіл әлемде жылдам саналатын желі біздің елге келгенде табанына тас байлап алғандай көрінеді. Сандарға сүйенейік, үстіміздегі жылдың 1 сәуіріндегі мәліметке сүйенсек, Қазақстандағы халқы саны 200 мыңнан асатын 1432 ауыл кең жолақты мобильді интернетке қосылмаған. Бұл ресми дерек, шынайы жағдайға келсек ғаламторды атымен көрмеген елдімекендер саны бұдан әлденеше есе көп болуы бек мүмкін. Себебі, 2020 жылы мемлекет Қазақстан Республикасы халқының 98,7%-ын интернет желісіне кеңжолақты қолжетімділікпен қамтамасыз етті дегенді де естіді ел. Бірақ бұл деректің де арты бір-ақ тұтам екенін уақыт өте аңғардық, - деді мәжілісмен депутаттық сауалында.

Депутат басқасын былай қойғанда бас қаланың біраз жерінде интернет әупірімдеп әрең істейді деп отыр.

Сапалы интернетті басқа түгілі бас қалада қолдану қиынның қиыны. Интернеттің сын көтермейтін сапасына қарамастан халыққа қажет талай қызметті электронды порталдарға салып тастады жауапты ведомство. Интернетсіз өмірдің азабын қазір ең алдымен ұстаздар мен оқушылар тартып отыр. Бұл проблеманы Үкімет басшысының орынбасары Алтай Көлгіновте растап отыр. Ол өз сөзінде қазір Қазақстандағы 3 мыңнан астам мектеп ғаламторға қосылмаған немесе оның сапасы төмен деді. Ал біз көшпелі отырыс барысында Солтүстік Қазақстан облысының ауылдарында Күнделікті үйлерінен толтыруға мәжбүр ондаған ұстазбен жүздестік. Бұл тек 1 облыстағы ахуал, - деді Нартай Аралбайұлы.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Мәжіліс баспасөз қызметі
Өзгелердің жаңалығы