Шетелдегі қазақтарды рухани қолдау қолға алынады

Нұр-Сұлтан, BAQ. KZ тілшісі. «Отандастар Қоры» коммерциялық емес акционерлік қоғамының президенті Нұртай Әбіқаев пен ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы этникалық қазақтарды және шетелде тұратын отандастарды мәдениет және спорт саласында қолдауды қамтамасыз ету мақсатында өзара ынтымақтастық пен әріптестік қатынастарды нығайту туралы Меморандумға қол қойды.

"Меморандум этникалық қазақтарды және шетелде тұратын отандастарды қолдауға бағытталған бірлескен мәдени және спорттық бұқаралық іс-шараларды өткізу бойынша Тараптар арасындағы әріптестік қатынастарды нығайтуды көздейді", - дейді Нұртай Әбіқаев.

Осы Меморандум шеңберінде Тараптар мынадай бағыттар бойынша ынтымақтастықты жүзеге асыруға ұмтылады:

- халықаралық, республикалық және өңірлік іс-шараларды (құрылтайлар, конференциялар, семинарлар, симпозиумдар, брифингтер, кеңестер, «дөңгелек үстелдер» және т. б.) өткізуге жәрдемдесу;
- шетелдік этникалық қазақтар үшін оқу-әдістемелік құралдарды әзірлеу мен шығаруды, оларды интернет-ресурстарда орналастыруды бірлесіп қамтамасыз ету;
- Қазақстан Республикасының Ұлттық академиялық кітапханасы мен Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасы базасында шетелде тұратын отандастарымыз туралы кітаптардан тұратын «Отандастар» кітапханаcын құруды қолдау;
- шетелде тұратын отандастарды мемлекеттік шығармашылық оқу орындарында және Олимпиадалық резерв мектептерінде оқыту үшін квоталар (гранттар) бөлу;

Елбасының V Дүниежүзілік қазақтар құрылтайында берген тапсырмасын іске асыру мақсатында мәдениет және спорт саласында отандастар қатарынан талантты жастарды анықтау және тарту жөніндегі күш-жігерді біріктіру қажет.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы