Тағы да киік мүйізі. Бұл жолы Ресей асырмақ болған

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан аумағынан киік мүйізін алып өтпек болған Ресей азаматы ұсталды. Бұл туралы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің шекара қызметі хабарлады.

Шекара қызметінің дерегінше, ресейліктің көлігіндегі спорт сөмкесінен киіктің 64 жұп мүйізі табылған. Мүйіздің салмағы 29 келі. Ресей азаматы Батыс Қазақстан облысындағы Ақсай постында ұсталып, аймақтағы полицияға тапсырылған.

Шекара қызметінің дерегінше, мүйіздер 242 миллион теңгеге (шамамен 620 мың доллар) бағаланған. Шекарашылардың хабарлауынша, бұл факті Қылмыстық кодекстің 339-бабымен ("Өсiмдiктердің немесе жануарлардың сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген түрлерімен заңсыз айналысу") тергелуі тиіс.

Бұған дейін Орал шекара жасағының "Сырым автомобильдік" шекаралық бақылау пунктінде 1972 жылғы туған ҚР азаматын тексеру барысында жалпы салмағы 120 кг жаңа кесілген 348 дана киіктің мүйізі табылған болатын.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы