Тағы бір резервші басшылық лауазымға тағайындалды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Осы аптада Президенттік жастар кадр резервінің мүшесі Бекжан Мухидинұлы Әлімқұлов ҚР Энергетика министрлігі Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің Түркістан облысы бойынша аумақтық департаментінің басшысы болып тағайындалды.

Жас кезінен-ақ халық игілігіне қызмет етуге барын салған Бекжан Әлімкұловтың еңбек жолы "Қазақстан темір жолы" акционерлік қоғамы саласында құқықтық қызмет көрсетуден басталып, еліміздің бас қаласында ірі құрылыс өнеркәсіпорнын ашумен жалғасқан.

Өзі ашқан завод өнімдерімен мемлекетіміздің ең ірі әуе жайында жол төсеген кәсіпкер Бекжан Әлімқұлов, мемлекеттік "Дарын" сыйлығының лауреаты, "Жас Отан жастар қанаты" қоғамдық бірлестіктігі орталық кеңесінің мүшесі, Nur Otan филиалының кәсіпкерлікті қолдау жөніндегі кеңес мүшесі болып табылады.

Бірнеше тілді еркін меңгеріп, Германияның Федералдық экономика және Энергетика министрлігі ұйымдастырған басқарушы кадрларды даярлау бағдарламасы бойынша тағылымдамадан өткен жас басшы өзінің өмірлік кредосын туған елі үшін жақсылық жасаумен байланыстырады.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы