Тәжікстандағы сайлауда Рахмонның партиясы жеңіске жетті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Тәжікстан билігінің хабарлауынша, ел президенті Эмомали Рахмон басқаратын билік партиясы 1 наурызда елде өткен парламент сайлауында жеңіске жетті.
Рахмонның партиясы өзін қолдайтын одақтастарымен бірге парламенттегі ықпалын толық сақтап қалды.
Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Бахтиер Худоерзода 2 наурызда дауыс берудің алдын ала нәтижесін жариялап, биліктегі Тәжікстанның халықтық-демократиялық партиясы 50,4% дауыс алғанын жариялады. Бұл нәтижемен партия төменгі палатадағы 63 орынның 47-сін иелене алады. Жалпы парламентке билікті қолдайтын бес партия өтеді. Аграрлық партия – 7, Экономикалық реформа партиясы – 5, Коммунистік партия 2 орын алады. Демократиялық партия мен Социалистік партия 1 орын иеленді.
ОСК жетекшісінің сөзінше, елдегі жалғыз оппозициялық саяси күш – Тәжікстанның социалистік-демократиялық партиясы 5%-дық межеден өте алмаған.
Ресми дерек бойынша, сайлаушылардың 86%-ы дауыс берген. Елде жалпы төрт миллиондай сайлаушы тіркелген.