ТҮҚЖБ 2018 жылы қанша адам баспаналы болғанын айтты

Астана, BAQ.KZ тілшісі. Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің басқарма төрайымы Ләззат Ибрагимова 2018 жылы банк арқылы қанша адам баспаналы болғанын айтты.

2018 жылы ТҮҚЖБ арқылы күн сайын 100-150 адам баспана мәселесін шешіп отырған. 

«Былтыр біздің банк үшін рекордтық жыл болды. Банк 38 250 займ берді. Бұл 38 мың астам отбасы үйлі болды деген сөз. Әр төртінші займ «Нұрлы жер» мемлекеттік тұрғын үй бағдарламасымен берілді», - деді Ибрагимова.

«Нұрлы жер» мемлекетті бағдарламасымен үш жылда банк 100 млрд теңге көлемінде баспана берген. 

«2018 жыл ең рекордты жыл болды. Салымшыларымыз бен кезекке тұрушыларымыз 8659 пәтер алды. Қазір банк портфелінде 1 млн 200 астам депозит ашылған. 150 мың салымшы жергілікті атқарушы органдарында кезекте тұр. Олар 64 млрд теңге көлемінде баспанамен қамтамасыз етілді. Соның ішінде салымшылардың 10 пайызға жуығы банк ішінде толық соманы жинап, баспананы сатып алды», - деді ол.

2016 жылы «Нұрлы жер» бағдарламасына ресурстар бөлініп, баспана құрылысы басталды. 2017 жылы банк 4160 пәтер сатқан. Ал 2018 жылы екі есе, яғни 8659 пәтер берілді. 

«Бұл бағдарлама Қазақстанда ең тиімді шарттарды қарастырады. Біріншіден, Қазақстан азаматтығы, немесе оралман мәртебесі болуы тиіс. Екіншіден, соңғы бес жылда ол адамда баспана болмауы тиіс. Біз баспанасы жоқтарға үй береміз. Алғашқы жарна – 20 процент, кредит ставкасы – 5 процент», - деді басқарма төрайымы.
Назерке Абибулла
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Өзгелердің жаңалығы