Түзеу мекемесінде де Абай күні аталып өтті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Таразда Абайдың 175 жылдық мерейтойына орай жазасын өтеушілер арасында шығармашылық кеш өтті. Санитарлық нормаларға сай өткен шара аясында сотталған азаматтар ұлтымыздың ұлы ақынының шығармаларынан үзінді жаттап, қара сөздерін жатқа оқып, өзара бәсекеге түсті. 

Жамбыл облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарайтын ЖД-158/5 мекемесінде ұйымдастырылған іс-шарада қатысушылар ойшыл тұлғаның туындыларынан терең тəлім алу, рухына тағзым ету–оның қағидатын ұстанып, аманатына адал болу шалыс қадам басқандар үшін түзелу жолына түсуде маңызды рөлге ие екенін тілге тиек етті. 
 

Ұлы ойшылдың өнегелі өмірі мен тағылымы қашанда үлгі. Əсіресе, сүрініп тағдыры бүлініп жүрген сотталған азаматтарға Абай мұрасының берері мол. Жазасын өтеушілер арасында сақтық талаптарын қатаң сақтай отырып өткен шығармашылық кеште олар өз шеберлігін шыңдап қана қоймай, қателігінен сабақ алып, түзелу жолына түседі дегенге сенім мол. Абай рухын ұлықтау шаралары бұдан әрі қарайда өз жалғасын табады, - дейді Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаменті бастығының міндетін атқарушы Теңізжан Жәнібеков. 


 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы