Тұңғыш президент қорынан 4500 атыраулық қаржылай көмек алды

Атырау, BAQ.KZ тілшісі. "Біз біргеміз!" республикалық акциясы аясында "Nur Otan" партиясы мен Тұңғыш Президент қоры төтенше жағдай кезеңінде халықтың әлеуметтік әлсіз тобына қолдау көрсету үшін бөлінген қаражаттан Атырау қаласында 4500 адамға көмек берілген. Бұл "Birgemiz-Atyrau" қоғамдық қоры арқылы жүзеге асқан.

Атырау қаласындағы мұқтаж отбасылардың тізімін қалалық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі арқылы арнайы жинақтадық. Содан соң "Қазақстан Халық банкісі" арқылы барлығына жеке есеп шот аштық. Азаматтардың өз шоттарына аударуға кейбір қиындықтар туындады. Өйткені кейбірінің есеп шотын несиеге берешектері үшін банкттер бұғаттап тастаған. Сондықтан жаңа шот ашып, соған аударуды шештік. Олардыі ұялы телефондарыға хабарлама барады. Сонымен қатар бұл түскен қаражаттарды "Қазақстан Халық банкі" әрқайсысының мекен-жайына жеткізіп береді. Осылайша акция басталғалы 4500 адамға 50 мың теңгеден қаржы аударылды. Жалпы бұл көмекті аз қамтылған өте мұқтаж отбасылар, асыраушысы жоқ 1-ші топ мүгедектері, мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған ата-аналар, жалғыс басты зейнеткерлер, жетім балалар, ҰОС қатысушылары және оларға теңестірілген мүгедектер, көмекке мұқтаж тыл ардагерлері алады. Бұл акция сәуір айының аяғына дейін жалғаса береді,-деді "Birgemiz-Atyrau" қоғамдық қоры жетекшісі Нұрлы Әйтиева.

Жалпы Атырау қаласы бойынша әлеуметтік әлсіз топтар қатарында 20 мыңға жуық адам бар.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы