Тұңғыш президент күніне арналған мерекелік кеш өтті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

Елдің ыстық ықыласы мен Елбасына деген  құрметтің белгісі ретінде бірнеше жылдан бері Қазақстан Республикасының Тұңғыш президенті күні аталып өтіп жүр. Бұл - ел перзентіне, ұлт көшбасшысына берілген әділ баға және лайықты құрмет, - делінген хабарламада.

Осыған орай, Түркістанда Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ мәдениет орталығында Түркістан облысы әкімдігінің ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасының Тұңғыш президенті күніне арналған "Елін сүйген, елі сүйген – Елбасы" атты мерекелік іс-шарасы өтті.

Салтанатты кеште Түркістан облыстық мәдениет мекемелерінің өнерпаздары мен ХҚТУ студентері өнер көрсетті. Концерт шымылдығы "Елін сүйген, елі сүйген – Елбасы" атты театрландырылған музыкалық хореграфиялық қойылыммен ашылды. Елбасының қайраткерлігі мен ел үшін атқарған ерен еңбектеріне арналған "Елбасы", "Нұр-Сұлтан – бас қала" әндері шырқалып, Елбасы ерекше ықыласпен қабылдаған дәстүрлі әндерден үзінділер орындалды.

Түркі жұртының рухани астанасы Түркістан қаласына арналған туындылар мен патриоттық, азаматтық бағыттағы шығармалар орындалған мерекелік кеш Нұрсұлтан Әбішұлының сөзіне жазылған "Елім менің" әнімен түйінделді.

Мәдениет залының фойесінде орналасқан "Елбасы және Ұлы Дала мұрасы" атты фото және кітап көрмесі Тұңғыш президенттің ел басқару ісіндегі ерекше сәттерінен сыр шертіп, келген көпшілікке айрықша әсер қалдырды.

 


Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы