Тәуелсіздік тарихында тұңғыш рет президенттер кездесуі тікелей эфирден берілді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстанға Швейцария Конфедерация президенті – қаржы министрі Ули Маурер келді.
Бүгін сағат 11:30-да "Хабар 24" телеарнасы мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Швейцария Конфедерациясының президенті Ули Маурердің ресми салтанатты кездесуін тікелей эфирде көрсетті. Ресми салтанатты кездесу тұңғыш рет тікелей эфирден берілді, - деп жазды президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook-тегі парақшасында.Ақордада кеңейтілген және кіші форматта екіжақты саяси, сауда-экономикалық, инвестициялық, гуманитарлық бағыттарда екіжақты ынтымақтастық мәселелері талқыланады.
Естеріңізге сала кетейік, ҚР премьер-министрі Асқар Мамин Қазақстанға ресми сапармен келген Швейцарияның Конфедерациясының президенті – қаржы министрі қаржы департаментінің министрі Ули Маурермен келіссөздер өткізген болатын.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Келесі жаңалық
Астанада 10 жайлы мектеп ашылды
Өзгелердің жаңалығы