Төтенше жағдай: жылдық декларацияны ұсыну мерзімі ұзартылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елімізде төтенше жағдайдың енгізілуіне байланысты заңды және жеке тұлғаларға декларация тапсыру мерзімі ұзартылды.
2020 жылдың 30 сәуіріне дейін тапсырылған электронды декларациялар уақытында табыс етілген болып саналады.Төтенше жағдайдың уақытына сәйкес келгендіктен, заңды және жеке тұлғаларға декларация тапсыру мерзімі 30 күнтізбелік күнге, яғни 2020 жылдың 30 сәуіріне дейін ұзартылады. Алайда, ол үшін салық есептілігі нысандарын электронды түрде тапсыру қажет – делінген Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің баспасөз қызметі.
Бұл ұзартулар келесі салық есептілігінің нысандарына қатысты қолданылады:
1) корпоративтік табыс салығы бойынша декларация (100.00, 110.00, 150.00, 180.00 нысандар);
2) жеке табыс салығы бойынша декларация (220.00, 240.00 нысандар);
3) жеке табыс салығы және мүлік бойынша декларация (230.00 нысан);
4) көлік құралдары салығы, жер салығы және мүлік салығы бойынша декларация (700.00 нысан);
5) қоршаған ортаға эмиссия үшін төлемақы бойынша декларация (870.00 нысан);
6) жалға беру (пайдалану) шарттарының тізілімі (871.00 нысан);
7) тіркелген шегерім пайдаланылатын арнаулы салық режимін қолданатын салық төлеушілер үшін декларация (912.00 нысан);
8) бірыңғай жер салығын төлеушілерге арналған декларация (920.00 нысан).
МКК төтенше жағдай кезінде тұрғылықты жері бойынша немесе орналасқан жері бойынша мемлекеттік кірістер органдарының байланыс орталықтарының қызметтерін kgd.gov.kz веб-сайтында "Біз туралы"/ "Халықпен жұмыс"/ "Мемлекеттік кірістер органдарының байланыс орталықтарының телефондары" жолы бойынша, сондай-ақ мына сілтеме бойынша және тізімде көрсетілген телефон нөмірлері арқылы кеңес береді.
Сонымен қатар, ҚР ҚМ МКК байланыс орталығымен 1414 телефоны бойынша; WhatsApp: +7 778 210 98 68; +7 776 136 41 32; +7 705 559 12 33; +7 705 559 12 39; Contact-center-kgd@mail.ru электрондық поштасы арқылы; https://t.me/KGDMFRK1414 telegram каналы арқылы байланысуға болады.