Төтенше жағдай: Пойыздар қозғалысына да шектеу қойылады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі бірқатар транзиттік пойыздарға елге кіруге тыйым салынатыны туралы хабарлады.
Бүгінгі таңда ҚР Мемлекеттік шекарасының периметрі бойынша 27 теміржол өткізу пункті орналасқан. Оның ішінде 18 өткізу пункті арқылы көршілес темір жол әкімшілігінің 23 жолаушылар пойызы және "ҚТЖ "ҰК"АҚ-ның 11 жолаушылар пойызы және 6 қала маңы пойызы қатынайды.1. Транзиттік және халықаралық пойыздар бойынша (23 пойыз): ҚР аумағына кіретін көршілес ТЖ әкімшілігінің, сондай-ақ транзитпен өтетін пойыздарын тоқтата тұру туралы:
- Өзбекстан Республикасы-13 бағыт;
- Қырғыз Республикасы-3 бағыт;
- Тәжік Республикасы-3 бағыт;
- Беларусь Республикасы - 1 бағыт,
РФ пойыздарынан басқа (3 бағыт).
2. Қазақстан Республикасын қалыптастырудың халықаралық жолаушылар және қала маңындағы поездары бойынша (11 жолаушы (оның ішінде Нұр-сұлтан/Алматы – Үрімші поезы а. ж. 1 ақпаннан бастап жойылды) және 6 қала маңындағы поездар бойынша:
1) Өзбекстан Республикасы (Алматы-Ташкент және Алматы-Нүкіс);
2) Қазақстан Республикасына келуге ниет білдірген шетелдіктер үшін билеттерді сатуға тыйым салуды енгізу шартымен ҚР мен РФ арасындағы 8 жолаушы және 6 қала маңы поездарының жүруін жалғастыру.
Петропавл станциясы бойынша РФ жолаушылар поездары бойынша (Транссібір магистралі РТЖ арқылы 8 пойыз):
1) ҚР аумағы бойынша билеттерді сатуға тыйым салу бойынша "РЖД" ААҚ-мен пысықтау (Петропавл қ.);
2) СЭС органдарының денсаулық жағдайын бақылаумен тек ҚР азаматтарын Петропавл станциясы бойынша түсіру.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Атырауға 50 мың дана маска жеткізіледі
Келесі жаңалық
Астанада қар тазалауға 900-ден астам техника шықты
Өзгелердің жаңалығы