Төтенше жағдай. Ораза ұстаудан кім босатылады?
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. ҚМДБ төрағасының орынбасары, наиб мүфти Ершат Оңғаров ораза ұстаудан кімдердің және қандай жағдайларда босатылатынына қатысты пікір білдірді.
Біреудің өміріне жауапты қызмет иелері – ұшқыш, дәрігер, ауыр жұмыс істейтін адамдар, кенші, металлург, қауіпті нысандарда қызмет ететін құрылысшылар және т.б. қызмет иелерінің ораза ұстауға шамасы жетпесе, оны кейінге қалдыра алады. Сонымен қатар, елдің қарулы күштері, бейбітшілік жағдайдан соғыс жағдайына көшкен кезде ораза тұту – әскердің қырағылығы мен жауынгерлік даярлығын әлсіретуге алып барса, оразаны тоқтатуға рұқсат етіледі. Оның орнына басқа күндері ораза ұстайды,-деді Ершат Ағыбайұлы Оңғаров.Еске саламыз, биыл Рамазан айы 24 сәуірде басталады. Мамыр айының 19-нан 20-сына қараған түн – мың айдан қайырлы қасиетті Қадір түні. Ораза айт намазы 24 мамырда оқылады.
Айта кетейік, ҚМДБ төралқа мәжілісінің шешімімен, биыл бір адам атынан берілетін пітір садақа мөлшері – 370 теңге болып бекітілді. Еліміздегі төтенше жағдайға байланысты Рамазан айының пітір садақа мен зекетті мобильді қосымшалар арқылы аударуға болатынын еске саламыз. ҚМДБ Рамазан айында бірнеше жобаны іске асырады.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Дүкендерге ұрлыққа түскен шетелдіктер ұсталды
Өзгелердің жаңалығы