Төтенше жағдай: Мамин несиесін төлей алмағандарға айыппұл есептелмейтінін айтты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Төтенше жағдай кезінде несиесін төлей алмаған қарыз алушыларға айыппұл есептелмейді. Бұл туралы Үкімет отырысында премьер-министр Асқар Мамин айтты.
Президент Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес, Үкімет шағын және орта, ірі бизнесті қорғау шараларын қабылдайды. Ең алдымен қолданыстағы жұмыс орындарын сақтауға, кәсіпкерлер мен азаматтардың іскерлік белсенділігін ынталдыру арқылы жаңа жұмыс орындарын құруға бағытталады. Жұмыс картасын іске асыруға қажетті қаражат бөлінеді. Онда инфрақұрылымдық, әлеуметтік нысандарға, жолдарды жөндеуге және осы жұмыстарға өзіміздің азаматтарды тарту көзделген, - дейді Асқар Мамин.
Отандық өнімдерді одан әрі көбейту және ұлттық экономиканың импортқа тәуелділігін азайту мақсатында қазақстандық өндірушілерді қосымша қолдау шаралары қолданылады.
Ішкі нарықты молықтыру және өндірісті ынталандыру үшін ұлттық экономиканы кредиттеу көлемі айтарлықтай ұлғайтылады, - деді Үкімет басшысы.
Сонымен қатар, төтенше жағдай кезінде төлемін кешіктірген қарыз алушыларға айыппұл есептелмейтін болды.
Төтенше жағдай кезінде несиесін төлей алмаған қарыз алушыларға айыппұл есептелмейді. Банктер кәсіпкерлерге төлемдерді кейінге қалдыру мүмкіндігін жасауы керек. Отандық бизнес бірдей шарттармен қосымша қаржылық жүктемесіз қолданыстағы бағдарламалардың жеңілдікті қолдау шараларын пайдаланады, - деді Асқар Мамин.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Келесі жаңалық
Елордалық өрт сөндірушілер жанып жатқан көлікті сөндірді
Өзгелердің жаңалығы